АҚШ мобилизациядан қашқан ресейліктерді қабылдауға дайын

28 қыркүйек 2022, 16:01

АҚШ ішінара мобилизациядан қашқан Ресей азаматтарын қабылдауға дайын. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі nege.kz-ке сілтеме жасап.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьердің айтуынша, бұл қадамға ресейліктердің наразылық білдіруі себеп болған.

 

«Біз Ресей үкіметінің және олардың Украинадағы қарулы күштері мен ресейлік тұрғындардың әрекеттерін бір-бірінен ажырата аламыз. Олардың көпшілігі әділетсіз соғысқа қарсы шығып жатыр. Біз мұның барлығын бірнеше күннен бері бақыладық. Ресейдегі наразылықтар қазір де жалғасып жатыр», - деді Карин Жан-Пьер.

 

Ақ үйдің баспасөз хатшысы АҚШ-тан саяси баспана сұраған өтініштер жеке қаралатынын атап өтті.