Шартарап

АҚШ пен Ресей Армениядағы тараптарды саяси дағдарысты ушықтырмауға шақырды

  • Ереван көшелерімен шерулетін бара жатқан премьер-министр Никол Пашинян мен жақтастары. 25 ақпан 2021 жыл.

    Ереван көшелерімен шерулетін бара жатқан премьер-министр Никол Пашинян мен жақтастары. 25 ақпан 2021 жыл.

АҚШ пен Ресей Армениядағы тараптарды саяси дағдарысты ушықтырмауға шақырды. Бұған дейін әскери басшылар премьер-министр Никол Пашинян мен үкіметті отставкаға кетуге шақырғаннан кейін премьер елде "әскери төңкеріс жасау талпынысы" болғанын айтқан еді.

 

25 ақпанда Ереван орталығында 20 мыңға жуық жақтасының алдында сөйлеген Пашинян армян халқы қолбасшылардың өз мүдделерін жүзеге асыруына мүмкіндік бермеуі тиіс деген. Ол өзінің отставкаға кету мәселесін "халық шешуі тиіс және кезектен тыс сайлау өтуі тиіс пе, жоқ па, оны да шешу - халықтың қолында" деді.

 

Бейсенбі күні қаланың екінші бір бөлігінде оппозиция 10 мыңға жуық жақтасын жинап, Пашинянның отставкаға кетуін талап етті. Одан соң парламент маңында палаткалар құрып, баррикада орнатты. Оппозицияның премьерлікке ұсынған кандидаты Вазген Манукиян парламент кезектен тыс отырысын белгілеп, Пашинянның отставкаға кету мәселесін талқыламайынша ол маңнан кетпейтінін айтты. Парламенттегі орындардың басым бөлігіне ие &ldquoМенің қадамым&rdquo альянсына жетекшілік ететін Пашинян оппозицияның кезектен тыс сайлау өткізу туралы талабын кері қайтарды.

 

Түрлі елдер Армениядағы тараптарды жағдайды ушықтырмауға шақырды. Армениямен достық қатынас орнатқан АҚШ Армения әскеріне ескерту жасап, барлық тараптарды күш қолданудан аулақ болуға үндеді. Бейсенбі күні Ресей президенті Владимир Путин Пашинянмен телефонмен сөйлесті. "Президент Путин Арменияның заңды билігін қолдайды және жағдайдың тез арада реттелетініне үміт білдірді" деді екі ел басшысының телефон әңгімесіне түсініктеме берген Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

 

 

 

azattyq.org




Көрілген: 468    Пікірлер: 0

жұма, 26.02.2021, 13:06

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30