Шартарап

АҚШ пен Ресей Навальный үшін "сөзге келіп қалды"

  • Фото ©REUTERS

    Фото ©REUTERS

АҚШ-тың сайланған президенті Джо Байденнің серіктесі Джейк Салливан Ресей қамауға алынған оппозиционер Алексей Навальныйды босату керек деп мәлімдеді. Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова оған жауап қайтарды, - деп хабарлайды DW.

 

АҚШ-тың сайланған президенті Джо Байденнің серіктесі Джейк Салливан Twitter желісінде пікір қалдырды.

 

"Навальныйды тез арада босату керек, ал оған қастық жасағандарды жауапқа тарту керек. Кремльдің Навальныйға шабуылы - бұл адам құқығын бұзу ғана емес, өз дауысын естіртуге тырысып жатқан ресейліктердің намысына тию", - деп жазды Салливан.

 

Сондай-ақ америкалық сенатор Берни Сандерс те Алексей Навальныйды босатуға шақырды. Сандерс оппозиционердің Ресейге қайтып келуін ерлерге тән әрекет деп, АҚШ "жемқорлықпен күресіп, әлемде демократия үшін жұмыс істейтіндерді қолдау" керегін айтты.

 

Ресей СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарова Салливанның мәлімдемесіне жауап ретінде шетелдік саясаткерді "халықаралық құқықты қорғауға" және "өз еліндегі мәселелермен алмасуға" шақырды.

 

 

Еске салайық, кеше Берлиннен Мәскеуге ұшып келеді деген "Победа" әуекомпаниясының ресейлік саясаткер Алексей Навальный мінген ұшағы Внуково әуежайына қонады деп жоспарланған. Алайда ұшақ Шереметьевоға қонды.

 

Шереметьево әуежайында төлқұжат тексеріп жатқанда полицейлер Навальныйды ұстады. Ол қорғаушысы мен әйелінсіз кетті.

 

 

kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 532    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.01.2021, 14:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28