Шартарап

АҚШ, Ресей, Франция Қарабақтағы қақтығысты тоқтатуға кірісті

  • Жан-Ив Ле Дриан, фото: golos-ameriki.ru

    Жан-Ив Ле Дриан, фото: golos-ameriki.ru

ЕҚЫҰ Минск тобына тең төрағалық ететін елдердің қатысуымен Қарабақтағы жағдай бойынша келіссөз 8 қазанда Женевада, 12 қазанда Мәскеуде өтеді. Бұл туралы Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан мәлімдеді, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz Reuters ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

 

«Біз Франция, Ресей және АҚШ-тың қолдауымен Қарабақтағы қақтығыстың барлық тараптар үшін бір ғана мақсатпен, яғни, алдын-ала шарттарсыз, тез арада соғысуды тоқтату үшін келіссөз жүргізуді бастайтымызды хабарлаймыз»,- деді француз дипломаты.

 

Жан-Ив Ле Дриан әлі сәтті келіссөз болмағанын, Женева және Мәскеуде өтетін басқа да кездесулер Таулы Қарабақтағы қақтығысты тоқтатады деп үміттенеді. Сондай-ақ министр Таулы Қарабақтағы жағдайға Түркия елінің араласуы қақтығыс интернационализациясына әкеледі деп айыптады.

 

ЕҚЫҰ Минск тобына тең төрағалық ететін елдердің басшылары Қарабақтағы қақтығысты тоқтатуға қатысты бұған дейін де мәлімдеме жасаған болатын. 1 қазанда Ресей президенті Владимир Путин, АҚШ президенті Дональд Трамп және Франция президенті Эммануэль Макрон Таулы Қарабақ қақтығыс аймағындағы байланыс сызығында болып жатқан жағдайға қатысты бірлескен мәлімдемеcінде зорлық-зомбылықтың өршуін қатаң түрде айыптайтынын жеткізді.

 

Еске сала кетейік, Әзірбайжан мен Армения арасындағы Таулы Қарабақ аймағы үшін қақтығысыс 1988 жылдан бері жалғасып келеді. Бұл жағдай ос ыжылдың 27 қыркүйегінде қайта ушығып, әскери жанжал әлі тоқтаған жоқ.

 

 




Көрілген: 750    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.10.2020, 17:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30