Шартарап

«АҚШ Ресейге 3000 ұшақпен шабуылдап, орасан зор соққы жасай алады» - сарапшы

  • «АҚШ Ресейге 3000 ұшақпен шабуылдап, орасан зор соққы жасай алады» - сарапшы

    «АҚШ Ресейге 3000 ұшақпен шабуылдап, орасан зор соққы жасай алады» - сарапшы

АҚШ Ресей әскери күштерін естен тандыратын соққы жасай алады. Бұл туралы Ресей зымыран және артиллериялық ғылым академиясы президентінің орынбасары, әскери сала докторы Константин Сивков мәлімдеді, деп жазады Newsroom.kz.

Сарапшының ойынша, АҚШ теңіз және әуе күштеріндегі қуатты зымырандар мен бомбаларға сенеді.

«АҚШ теңіз күштеріндегі қанатты зымырандар 1600-2400 шақырымдағы нысанаға бар болғаны 5–10 метр ауытқумен дәл тиеді», — дейді автор.

АҚШ теңіз күштеріндегі кемелерде қазіргі таңда жобамен 4000 зымыран, ал сүңгуір кемелерінде 1100 зымыранға дейін орналастырылған. Соғыс бола қалған жағдайда АҚШ күштері бір сәтте 3000 зымыранмен атқылай алады. Ал АҚШ әуе күштері бір мезетте 1200 зымыран жіберуге қауқарлы көрінеді.

«Сонымен қатар, олар тек қана зымыранмен атқыламай, бір мезетте 3000 ұшақпен басып кіріп, ел шекарасына 600 шақырым ішкерілей еніп, орасан зор соққы жасай алады», — дейді сарапшы.

Мұндай соққы жасалса, бір мезетте АҚШ Қытай мен Ресейдің аса маңызды деген мыңдаған әскери нысанын істен шығарады екен. Сарапшы ол үшін үлкен дайындық керектігін де атап өтті. 

«Аталмыш соққы жасау бірнеше сағатқа созылуы мүмкін, ал Қытай мен Ресейде қарымта жауап ретінде ядролық қарумен соққы жасауға 10-15 минут қана болады», — деді ол.

 

 




Көрілген: 839    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.07.2020, 08:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 08:51
    Қауіпті маса пайда болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31