Сәрсенбі күні АҚШ Сенаты Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылуы туралы өтінімдерін қабылдайтын қарарды қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат nbcnews сайтына сілтеме жасап.
100 сенатордың 95-і аталған екі елдің НАТО-ға қосылуын жақтап дауыс берді, тек біреуі қарсы болды. Келісімді алу үшін 67 дауыс жеткілікті.
Енді НАТО-ға мүше барлық 30 ел өтінімдерді қабылдауы керек. Содан кейін ғана Финляндия мен Швеция мүшелікке толыққанды өте алады. Процедура бірнеше айға созылуы мүмкін.
«Ортақ қауіпсіздігімізге кез келген қауіп-қатерге қарсы қырағылықты сақтау үшін жұмыс істеуді жалғастырамыз. Сондай-ақ агрессияға немесе агрессия қатеріне қарсы тұрып, оған жол бермейтін боламыз», - деді ел президенті Джо Байден Сенатта дауыс беру өткеннен кейін.
«Қосылу туралы хаттамаларға қол қойюды тағатсыздана күтемін және аса жоғары қаруланған күші бар екі қуатты демократия – Швеция мен Финляндияны тарихтағы ауқымды қорғаныс одағының құрамында көруге қуаныштымын», - деп қосты ол.