Шартарап

АҚШ соты Храпуновтар ісіне қатысты үкім шығарды

  • © Sputnik / Анатолий Устиненко

    © Sputnik / Анатолий Устиненко

АҚШ федералды соты Ілияс пен Виктор Храпуновқа қатысты үкім шығарды.

 

Елден қашып кеткен Виктор Храпуновтың ұлы Ілиясқа жылжымайтын мүлікпен жасалған мәмілелер туралы ақпаратты жасыруға тырысқаны үшін АҚШ-та айып тағылғаны қаңтар айында белгілі болған.

 

Алматы қаласының әкімдігі мен БТА Банкі сотталушылардан шағымданушылардың талаптарын растайтын мәліметтерді жариялауды сұраған.

 

"Сот тараптардың ұстанымын зерттей келе, Ілияс пен Виктор Храпунов сотпен "мысық пен тышқан ойынын" әдейі ұйымдастырды және олардың мұндай мінез-құлқы жазалануға лайық деп таныды. Сондай-ақ Ильястың жоғалған электрондық хаттар туралы сылтауларын ақылға қонымсыз деп санады", – делінген әділет министрлігінің баспасөз хабарламасында.

 

Айта кетейік, бұған дейін де сот тарапынан Мұхтар Әбіләзовтің осыған ұқсас іс-әрекеті заңға қайшы деп танылған. Ол кезде Әбіләзов дәлелдемелерді әшкерелеу процедурасының барысында құжаттарды ұсына алмады.

 

Америкалық сот Алматы қаласы әкімдігі мен БТА Банктің талап-арыздарына тікелей қатысы бар ақпарат Храпуновтардың есінде жоқ екендігі туралы мәлімдемелері жалған әрі Ілияс тиісті айғақтарды жойған деп тұжырымдады.

 

Судья Ильяс пен Виктор Храпуновтарға Алматы қаласы әкімдігі мен БТА Банк заңгерлеріне кеткен шығындарын төлеуді бұйырды.

 

"Сонымен қатар, сот Храпуновтардың бұдан былай белгілі дәлелдемелерді ұсыну құқығы жоқ деп шешті. Алқабилер соты Ілиястың дәлелдемелерді әдейі жойғандығы және жойылған дәлелдемелер арыз берушілерді қолдайтын еді деген нұсқау беруге қаулы етті. Бұған дейін сот Мұхтар Әбіләзовке де алқа билерге дәл осындай нұсқау берілетіндігі туралы қаулы еткен еді", – делінген хабарламада.

 

Одан бөлек, Алматы қаласы әкімдігі мен БТА Банктің Феликс Сатерге қарсы қатар жүріп жатқан процесте сот талапкерлердің пайдасына шешім қабылдады. Жауап алу барысында Сатер Храпуновтар мен Әбіләзовтің Алматы қаласында тыңшылары бар екендігі және оның қауіпсіздігіне қауіп-қатер төнуі мүмкіндігі туралы мәлімдеді.

 

Сот өзінің шешімінде Әбіләзовтің 2018 жылы Қазақстанда БТА Банктің бұрынғы бысшысын өлтіргені және көптеген басқа да қылмыстар үшін сотталғандығын ескере отырып, Сатердің қорқынышы сенуге тұрарлық екендігін атап өтті.

 

Храпуновтар отбасына қатысты Қазақстандағы сот ісі

 

2018 жылдың қазан айында Алматыда қаланың бұрынғы әкімі Виктор Храпунов пен оның жұбайы Лейланың үстінен сырттай сот отырысы өтті.

 

Виктор Храпунов ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оны басқарған және алаяқтығы мен пара алғаны үшін, сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп, жымқырғаны, сондай-ақ қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

 

Оны 17 жылға бас бостандығынан айырып, қауіпсіздігі жоғары колонияда жазасын өтеуге үкім шықты. Сондай-ақ, дүние-мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік лауазымдарда қызмет атқару құқығынан айырылды.

 

Лейла Храпунова да өзінің заңсыз әрекеттері үшін кінәлі деп танылып, 15 жылға сотталды. Оның туған әпкесінің күйеуі Аяр Ілиясов те алаяқтық әрекеті үшін бес жылға сотталды.

 

Қазіргі кезде ерлі-зайыпты Храпуновтар саяси себептермен қудаланудамыз деп мәлімдеп, Қазақстаннан тыс жерлерде жасырынып жүр.

 

 

sputniknews.kz




Көрілген: 481    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.05.2020, 14:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30