Алғаш рет адам геномы толық анықталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Атқарылған жұмыстың нәтижесі қартаю мен рак, ишемия, ақылдың кемдігі сияқты аурулардың түпкі себебін жақсы түсінуге мүмкіндік береді, – дейді америкалық ғалымдар.
ДНҚ құрылысы мен қызметін зерделеуге бағытталған бұл іс 20 жыл бұрын басталған. Жаңаша және барынша сенімді түрде зерттеу жаңа технологиялардың көмегімен іске асқан.
Раджив Маккой, генетик:
– Білесіздер ме? Бұл бір ғана адамның геномы. Ол – еуропалық. Осы жерде сонда ол жер бетіндегі барлық адамзаттың геномын бере ала ма деген сұрақ туады. Оған «иә» деп жауап беруге болады. Мұндай тұжырым медицинадағы зерттеулеріміз үшін маңызды.