Шартарап

АҚШ-та афроамерикалық жігіттің өлімі халықтың ашуын тудырды (видео)

  • Фото: twitter.com/ultras_antifaa

    Фото: twitter.com/ultras_antifaa

Миннеаполис қаласында 46 жастағы афроамерикалық жігіттің өлімі жергілікті тұрғындардың ашуын тудырды. Бейбіт басталған ереуілдің соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

 

Қайғылы оқиға 25 мамырда Миннесота штаты Миннеаполис қаласында болған.

 

Fox News басылымының хабарлауынша, жергілікті полиция бөліміне азық-түлік дүкенінен жалған чек жасалғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері күдікті көлікте отырған деген мәлімет алған.

 

Тәртіп сақшыларының айтуынша, олар күдіктіден автокөліктен шығуды талап етіпті. Алайда ол полицияға қарсылық көрсеткен.

 

"Офицерлер күдіктінің қолына кісен таққан. Алайда олар жігіттің денсаулығында ақауы бар екенін байқап, жедел жәрдем қызметін шақырған", - делінген ресми есепте.

 

Алайда желідегі куәгерлер жариялаған видеодан афроамерикалық жігіттің жерде жатқанын көруге болады. Оның жанында полиция көлігі болған. Күдікті тәртіп сақшыларынан көмек сұраған. Алайда полиция қызметкерінің бірі жігіттің мойнын тізесімен басып тұншықтарған.

 

ВИДЕО:  publish.twitter.com/

 

"Мен демала алмай жатырмын", "Өтініп сұраймын, мені өлтірмеңіздерші", - деп күдікті бірнеше рет көмек сұрап, есінен танып қалыпты. Кейін оның ауруханада көз жұмғаны белгілі болды.

 

Видео:  publish.twitter.com/

 

Қайтыс болған афроамерикалық жігіттің есімі - Джордж Флойд

 

 

Ол 46 жаста. Мейрамханада күзетші болыпты жұмыс істепті. Жергілікті полиция мәлімдеуінше, ол азық-түлік дүкенінде 20 долларға жалған чек жасады деген күдікке ілінген.

 

Қоғамның ашуын тудырған іске АҚШ-тың федералды тергеу бюросы назарын аударған. Олар қызметтік өкілін асыра пайдаланған полиция қызметкерлерінің ісін тергеуді бастады.

 

АҚШ президенті Дональд Трамп қайтыс болған жігіттің отбасына көңілді айтып, құзырлы органға істі тезірек ашуды сұрады.

 




Көрілген: 811    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.05.2020, 17:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31