Шартарап

АҚШ-та алғаш рет Кавасаки ауруынан бір бала көз жұмды

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

АҚШ-та алғаш рет Кавасаки дертінен 5 жасар бала ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Айта кетейік, қантамырларының қабынуынан туындайтын, сирек кездесетін аурумен көбінесе балалар ауырады.

Дәрігерлер марқұмның коронавирусқа да шалдыққанын анықтады.

 

Бүгінде Нью-Йорк штатында ғана 73 бала Кавасаки диагнозымен ауруханада жатыр. Мамандар науқастардың барлығы бастапқыда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғанын айтады. Кейін аурулары асқынып, Кавасаки дертіне әкеп соқты.

 

Қазір елдің денсаулық сақтау министрлігі баланың өлімін зерттеп, ата-аналарды балаларының қызуы көтеріліп, лоқсыса немесе денесінде бөртпе пайда болса дереу дәрігердің көмегіне жүгінуге шақырады.

 

Эндрю Куомо, Нью-Йорк штатының губернаторы:

 

– Коронавирус балаларды да айналып өтпеді. Аурудың асқынуынан бір баланың өмірі қиылды. Ем қабылдап жатқан басқа науқастар дәрігерлердің жіті бақылауында.

 

Айта кетейік, Нью-Йорк штатында күнде шамамен 200 адам жан тапсырады. Алайда соңғы кездері вирус жұқтырған жаңа науқастардың саны азайды. Дәрегерлер ауру белгілері байқалмағандар аса қауіпті екенін айтып, әр тұрғынның тест тапсырып отыруы маңызды дейді.

 




Көрілген: 389    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.05.2020, 13:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30