АҚШ-та дауылдан қаза тапқандар саны 77-ге жетті

02 қазан 2022, 15:14

АҚШ-тың Флорида мен Солтүстік Каролина штаттарында ойран салған Ян дауылынан қаза тапқандардың саны өсуде, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Олардың басым бөлігі Флорида штатының тұрғындары.

 

Ал апаттан жоғалғандардың тізімінде 10 мыңнан астам тұрғын бар.

 

Долы дауылдан 2 млн-ға жуық баспана мен мекеме жарықсыз қалды.

 

Құтқарушылардың болжамынша, жоғалғандардың көбі байланысқа шыға алмай отыр.

 

Мамандар қатты жел әлі де қауіп төндіретінін ескертеді. Күн райы Нью-Йорк, Нью-Джерси мен Вашингтонда бүлінуі мүмкін.