АҚШ-та екі мысықтан коронавирус анықталды
АҚШ-та екі мысықтың ағзасынан коронавирус инфекциясы анықталды. Екі бірдей үй жануарының тест сынамасы оң нәтижені көрсеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Интерфакс" сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы елдегі ауыл шаруашылығы министрлігі мен ауруды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) өкілдері хабарлады.
Шенеуніктердің айтуынша, мысықтарда тыныс алудың әлсіреу белгілері байқалған көрінеді. Үй жануарлары ауруды өз қожайындарынан немесе үйден алыс ұзамай жұқтыруы мүмкін деген болжам бар.
Ауру мысықтардың бірінің қожайыны жануарда індет белгілері пайда болмай тұрып бір апта бұрын ЖРВИ-мен ауырған екен.
Екінші мысықтың қожайынында коронавирус инфекциясы расталды.
Науқаста бұдан өзге тағы бір мысық бар екен, алайда онда ауру белгілері байқалмапты.
Айта кетейік, сәуір айында Нью-Йорктегі Бронкса зообағында бірнеше жолбарыс пен арыстаннан COVID-19 вирусы анықталған болатын.
Одан бөлек, Уханда 100 мысықтың коронавирус жұқтырып, кейін жазылғаны белгілі болды.
Соған қарағанда, адам вирусты жануарларға да жұқтыруы мүмкін.
Алайда ауруды бақылау және алдын алу орталығы коронавирустың жануардан адамға жұғатыны жайлы еш дерек жоғын айтып отыр. Сондықтан орталық адамдарды дүрбелең тудырмауға шақырды.