Шартарап

АҚШ-та ереуіл кезінде оқ атылып, бір адам көз жұмды

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

АҚШ-тың Детройт қаласында полицейлердің бассыздығына қарсы ереуіл қайғылы оқиғамен аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Шеру өтіп жатқанда, бәзбіреулер көліктен оқ атып, ізін суытқан. Салдарынан 19 жастағы жігіт көз жұмды.

 

Қазір Құрама Штаттардың 10 қаласында толқулар өтіп жатыр.

 

Жұрттың дүрлігуіне 25 мамырда Миннеаполисте болған оқиға себеп. 46 жастағы афроамерикалықты тұтқындау кезінде полицейлердің бірі оны 7-8 минут мойнынан тізесімен басып, есінен тандырған. Кейін ер адам ауруханада көз жұмған.

 

Куәгерлер мұның бәрін бейнежазбаға түсіріп, желі арқылы жариялап жіберген. Осыдан соң тұтқындауға қатысқан 4 полицей қызметінен босатылды. Біреуі «абайсызда кісі өлтірді» деп айыпталуда.

 

Шаһарда бірнеше күннен бері тәртіпсіздіктер басылмай тұр. Ашуға мінген жұрт ғимараттарды өртеп, дүкендерді тонап жатыр.

 

50-ден аса ереуілші қамауға алынған. Қалада коменданттық сағат енгізілді.

 

Ереуілді басу үшін өңірге Ұлттық гвардияның 500 жауынгері барды.

Алдағы уақытта тағы мың сарбаз аттанады.

Алайда жергілікті билік оның өзі жеткіліксіз болуы мүмкін деп отыр.

 

Қазір АҚШ әскери полициясының бірнеше бөлімшесі аймаққа атануға дайындалып жатыр.


 




Көрілген: 342    Пікірлер: 0

сенбі, 30.05.2020, 23:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31