АҚШ-та жанармайдың қымбаттауынан электр велосипедтерге сұраныс артты

01 мамыр 2022, 17:13

АҚШ-та жанармай бағасының қыматтауына байланысты халық электр велосипедтерге бет бұра бастады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Мәселен, биыл жанармайдың құны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге шарықтап кеткен. Бұл америкалықтардың қалтасын қаға бастады.

 

Халық темір тұлпарларын ауыстыруға мәжбүр болды.

 

Қазір арзан және тиімді қозғалыс құралы ретінде электр велосипедтің маңызы артты.

 

Көліктің бұл түрі АҚШ аумағында жоғары сұранысқа ие.