Шартарап

АҚШ-та қанды қақтығыстың өтіп жатқанына бүгін тура бір апта болды (ВИДЕО)

  • АҚШ-та қанды қақтығыстың өтіп жатқанына бүгін тура бір апта болды (ВИДЕО)

    АҚШ-та қанды қақтығыстың өтіп жатқанына бүгін тура бір апта болды (ВИДЕО)

АҚШ-тың Миннесота штатында «жалған ақша пайдаланды» деп айыпталған америкалық азамат, 46 жастағы Джордж Флойд полицейлердің қолынан қаза тапқан еді. Полиция мойнынан тіземен басып отырғанда, ол «тұншығып барамын» деп айқайлаған. Алайда, Дерек Шовин деген шенді тұтқынның сөзіне құлақ аспай, ақырында Флойд жансақтау бөлімінде көз жұмған. Қазір осы оқиғаға қатысты халықтың наразылықтары әлі жалғасуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, БАҚ деректеріне сүйене отырып.

Бейне: youtu.be/1JFHOz-4-MQ

Қара нәсілді америкалықтарды үнемі нысанаға алған және бірнеше адамның өліміне себеп болған полицейлердің ұрып-соғуына қарсы көптеген қала және штатта ереуілдер ұйымдастырылды. Бүгін тура бір аптаға созылған оның соңы енді қанды қақтығыстарға айналуда.

Әуелі Миннеаполис штатының ірі қаласында, содан кейін Вашингтонда, Атлантада, Нью-Йоркте және елдің басқа да ірі қалаларында қарсылық шарасына қатысушылар мен полицейлер арасында қақтығыс жиіледі. 

Флойдтың мойнына тізесін қойып, тұншықтырған полицей қамауға алынса да, оны місе тұтпаған шерушілер Вашингтон, Миннеаполис, Чикаго, Денвер, Лос-Анджелес, Хьюстон, Луисвилл, Феникс, Колумбус, Мемфис сынды көптеген қалада көшеге шықты.

Вашингтон, Алтанта, Чикаго, Денвер, Лос-Анджелес, Сиэтл және Сан Франсиско сынды үлкен қалалар қамтылған кем дегенде 40 қалада коменданттық сағат енгізілді.

Калифорниядағы қалаларда көптеген дүкен тоналса, Иннеаполис қаласындағы қақтығыста екі адам көз жұмды. Нью-Йорктың бірқатар аймағындағы ереуілдерде ондаған шеруші ұсталып, бір полиция көлігі өртенді. Ал Атлантада қарсылық танытушылар ғимараттарды қиратып, Си-эн-эн телекомпаниясының штаб-пәтеріне жақын жердегі полиция көліктерін өртеді.

Тіпті, кеше ел президенті Дональд Трамптың өзіне жерасты бункеріне жасырынуға тура келді.

 

 




Көрілген: 659    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.06.2020, 08:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31