Шартарап

АҚШ-та миллионер өмір бойына бас бостандығынан айырылды

  • АҚШ-та миллионер өмір бойына бас бостандығынан айырылды

    АҚШ-та миллионер өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Америкалық миллиардер Роберт Дерст 21 жыл бұрын кісі өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Жылжымайтын мүлік мұрагері Роберт Дерст 2000 жылы Калифорнияда ең жақын досы Сюзан Берманды өлтіргені үшін сотталды. Марқұм Берман 1982 жылы кәсіпкердің әйелі жоғалып кетуіне байланысты полицияға куәлік бергісі келген. Әйел басынан оқ тиіп жарақат алған күйінде үйінен табылған. Жылжымайтын мүлік саласы бойынша миллиардер ұзақ жылдар бойы әйеліне не болғанын және Берманды кім өлтіргенін білмейтінін мәлімдеді.

Ол кездейсоқ HBO телеарнасындағы The Jinx деректі фильмінде адам өлтіргенін мойындап, 2015 жылы Жаңа Орлеанда эпизод көрсетілместен бұрын қамауға алынды. Түсірілімдегі үзіліс кезінде кәсіпкер дәретханаға бара жатып былай деген: "Ал, ұсталдың. Мен не істедім? Әрине, бәрін өлтірдім". Бұл уақытта Роберт Дерстте жұмыс істейтін микрофон болған, ал мойындаған сөзі жазылып қалған.

78 жастағы жылжымайтын мүлік магнаты өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Қабылданған үкім шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігін қарастырмайды.

Жоғарғы Сот қорғаушының жаңа сот талқылауы туралы өтінішін қанағаттандырмай, "кінәнің көптеген дәлелдері бар", - деп мәлімдеді.

Роберт Дерст - жылжымайтын мүлік мұрагері, Нью-Йорк магнаты Сеймур Дурсттың ұлы және Дурлас ұйымының басшысы Дуглас Дерсттің ағасы. Ол бүкіл ел бойынша федералды іздеу тізімінде болды.

Еске салайық, миллиардердің сот процесі 2020 жылдың 2 наурызында басталды, бірақ COVID-19 пандемиясына байланысты кейінге шегерілді.




Көрілген: 454    Пікірлер: 0

жұма, 15.10.2021, 11:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31