Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

АҚШ-та мұғалімдерге қару ұстауға рұқсат етілді

15 желтоқсан 2022, 18:02

АҚШ-тың Техас штатындағы мектеп округінің билігі оқу орындарының қызметкерлеріне жұмыс кезінде атыс қаруын алып жүруге рұқсат берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Мұндай шешім мектептерде оқ ату оқиғаларының көбеюі аясында қабылданды.

 

Аудандық кеңес бұл қадам мектепке қарулы шабуыл жасалған жағдайда оқушыларды қорғауды қамтамасыз етудің жолы деп есептейді. Енді мұғалімдер қаруды қолдану бойынша арнайы оқу бағдарламасынан өз еркімен өте алады.

 

Ата-аналардың жаңа бастамаға қатысты пікірлері екіге бөлінген. Олардың кейбіреулері мұндай шешім балаларының денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді деп есептейді.