АҚШ-та індет өршуі мүмкін

18 желтоқсан 2021, 02:15

Сарапшылар АҚШ-та да қыс айларында омикрон штамынан эпидемиялық ахуал нашарлауы мүмкін деп отыр.

Себебі вирус жұқтырғандар саны тағы артқан. Мәліметке қарағанда кейінгі 7 күнде 820 мың адам індетке шалдыққан. Бұл әлемде ковид-19-ға шалдыққандардың бестен бір бөлігі. Омикрон елдің 37 штатында тіркелген. Нью-Йорк билігі вирустың қайта таралуының алдын алу үшін 1 миллион бетперде мен 500 мың тесті тегін тарату туралы шешім қабылдады.

Билл де Блазио, Нью-Йорк қаласының мэрі: - Біз бустерлі дозаны салуды да ұлғайтамыз. Қазірге дейін Нью-Йорктің 1,5 миллион тұрғыны күшейткіш доза салдырған. Бірақ оны тұрғындардың көптеп алуын қалаймыз. Бүгіннен бастап бұқаралық ақпарат құралдары арқылы осы бағытта науқан күшейтіледі.

24.kz