Шартарап

АҚШ-та өлім жазасына кесілген әйелдер кімдер (фото)

  • © AP Photo / Doug Engle

    © AP Photo / Doug Engle

Олар өмірін өлім камерасында аяқтаған адамдар. Көпшілігі бірнеше рет асқан қатыгездікпен жасаған қылмысы үшін ең ауыр жазаға кесілген жандар.

 

Өлім жазасы Американың 28 штатында қолданылады. Мұндай жаза түрін АҚШ-та сирек кездеседі деуге болмас. Әйтсе де, әрбір мұндай жағдайға қоғам назар аударады. Кісі қанын жауыздықпен мойнына жүктегендерді құбыжық деп атайды.

 

Ал қорғаушылар болса, бұл кісілерге аяушылық танытып, ауыр жаза қолданбауды сұрайды. Себебі, адвокаттардың айтуынша, олардың барлығы дерлік бала кезінде зорлық көрген немесе психикалық ауытқуға ұшырағандар.

 

Олардың өмір тарихы жаға ұстататыны сөзсіз. Тіпті, кино түсіріп, кітап жазуға негіз болады. Сондай бір кинотуындының бірі "Монстр" деп аталады. Фильмде басты рөлді танымал актриса Шарлиз Терон сомдаған.

 

2019 жылдың маусымында АҚШ-та өлім жазасын федералдық деңгейде қайта жаңғырту туралы шешім қабылданды. Ол кезде балаларды өлтірген және зорлаған төрт қылмыскер өлім жазасына кесілді. Бүгінде федералдық түрмелерде ең ауыр жаза түрінде үкім шыққан елуден астам қылмыскер отыр.

 

© AP PHOTO / DOUG ENGLE

Эйлин Уорнос АҚШ-тағы Лавиния Фишерден кейінгі екінші маньяк-әйел атанды. "Түнгі көбелек" өз клиенттерін асқан жауыздықпен өлтіргені үшін өлім жазасына кесілді. 1990-шы жылдары көшеде жезөкшелікпен айналысқан ол жеті ер адамды тонап, өлтірген. Уорнос өзін-өзі қорғау мақсатында осындай әрекетке барғанын айтқан. Себебі, оның құрбандары Уорносты зорламақ болған.

2003 жылы режиссер және сценарист Пэтти Дженкинстің Эйлин Уорнос өмірінің желісі бойынша түсірілген "Монстр" атты өмірбаяндық драмасы жарық көрді. Фильмдегі басты рөлді актриса Шарлиз Терон ойнады. Кейіннен ол ең үздік әйел рөлі үшін "Оскар" сыйлығын алды.

 

© REUTERS / COURTESY OF ATTORNEYS FOR LISA MONTGOMERY

Лиза Монтгомери АҚШ-та жүкті әйелді аса қатыгездікпен өлтіргені үшін өлім жазасына кесілді. Монтгомеридің адвокаттары оның туа біткен ми ақауы бар екенін және өгей әкесі жасаған жыныстық зорлық салдарынан психикалық аурумен ауырғанын алға тартты. Ол 2021 жылдың 13 қаңтарында федералды түрмеде өлім жазасына кесілді.

Лиза Монтгомери өлім жазасына кесілген кезде 52 жаста еді.

 

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 406    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.01.2021, 15:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Ақпан, 23:48
    Жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31