Шартарап

АҚШ-та полицейдің қара нәсілдіні атып өлтірген сәтінің видеосы жарияланды

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

АҚШ-тағы нәсілшілдікке қарсы жаппай наразылықты күшейте түскен кісі өлімі жөнінде жаңа дерек пайда болды. Атланта полициясының қолынан 12 маусым күні қаза тапқан қара нәсілді Рейшард Брукстың арқасына екі оқ тигені хабарланды.

 

14 маусым күні Медициналық экспертиза орталығы Брукстың арқасы екі оқ тиіп, үлкен көлемде қан жоғалту және ағза мүшелерінің жаралануы салдарынан көз жұмғанын анықтады. Орталық Брукстың қазасын кісі өлтіру деп бағалады.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch

 

Соңғы екі жарым аптада АҚШ-та және әлемнің көптеген елінде полицияның қатыгездігіне және нәсілдік теңсіздікке қарсы наразылық акциялары өтіп келген болатын. Бұл наразылық Миннеаполис тұрғыны қара нәсілді Джордж Флойд полиция қолынан қаза тапқаннан кейін басталған. Толқулар енді бәсеңдей бастағанда Брукстың өлімі наразылыққа күшейтіп жіберді.

 

13 маусымның кешінде наразылар Брукс қаза тапқан ресторанға өрт қойып, сол маңдағы көлік жолын бөгеп тастады. Полиция наразыларды көзді жасаурататын газбен тарқатты.

 

Атланта полиция департаменті Бруксты атқан ақ нәсілді қызметкерін жұмыстан шығарып, оның оқиға орнында болған әріптесін әкімшілік жұмысқа ауыстырды. Полиция бастығы Эрика Шилдс қызметінен кетті.

 

Оқиға 12 маусым күні кешкі уақытта болды. Полицияға Wendy’s дәмханасының жанындағы жолды бір көліктің бөгеп тұрғаны және жүргізушінің көлік ішінде ұйықтап жатқаны жөнінде шағым түскен. Шағым бойынша келген полиция көлік жүргізушінің мас-мас еместігін тексеріп, оның ішімдік ішкенін анықтайды да, тұтқындамақ болады.

 

Полиция қызметкерінің камерасына түскен видеоға сәйкес, тұтқындау кезінде Брукс қарсылық танытып, полиция қызметкері оған қарсы электрошокер қолданбақ болады. Брукс оның электрошокерін жұлып алып, қашып кетеді. Одан кейін Брукстың қашып бара жатып артынан қуған полиция қызметкерін электрошокермен атқаны көрінеді. Сол мезетте полиция Брукске оқ атып, жерге құлатады. Брукс ауруханада көз жұмған.

 

Брукс отбасының адвокаты Крис Стюарт оқ атқан полицейге “қаруды негізсіз қолданып, кісі өлтірді” деген айып тағылуы тиіс деп санайды.

 

“Электрошокер адам өміріне қауіпсіз қару дейсіз... бірақ қалай электрошокер қара нәсілді азаматтың қолына түсіп еді, солай ол қауіпті қаруға айнала келді”, деді ол полиция қызметіне қарата сөйлеп. 

 

azattyq.org




Көрілген: 486    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.06.2020, 14:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31