АҚШ-та ядролық қару тиеген әскери ұшақ апатқа ұшырады

09 маусым 2022, 10:00

Оңтүстік Калифорния шөлінде әскери ұшақ апатқа ұшырап, 4 адам қаза болды. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Басылым мәліметінше, оқиға Гламис қаласының маңындағы Император округінде болған. Ұшақта қандай ядролық қару бар екені белгісіз.

 

Мамандар ұшақта ядролық қару болғанын жоққа шығарып отыр. Апатқа нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Тергеу басталды. Құтқарушылар бортта болған тағы бір адамды іздестіріп жатыр.

 

Calexico Chronicle басылымы V-22 Osprey ұшағы апатқа ұшырады деп мәлімдеді. Мұндай ұшақтар осы аймақтағы АҚШ теңіз жаяу әскерлерінің базасында орналасқан.