Шартарап

АҚШ-тағы дүрбелең: Дональд Трамп бункерге тығылуға мәжбүр болды

  • © РИА Новости / Михаил Тургиев

    © РИА Новости / Михаил Тургиев

АҚШ президенті Дональд Трамп жұмадан сенбіге қараған түні Ақ үй маңында болған тәртіпсіздіктер кезінде Вашингтонның орталығындағы жерасты бункеріне тығылып жатқан, деп хабарлайды kaz.zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

 

Бұл туралы жексенбі күні The New York Times жазды.

 

Ондағы ақпарат көздеріне сүйенсек, мұндай шешім сенбіге қараған түні наразылық шерулері күшейген кезде қабылданған. АҚШ-тың құпия қызметі осыны талап еткен. CNN хабарлағандай, Трамп бункерде бір сағаттай болған. Ол арада оның отбасы мүшелерінің болған-болмағаны әлі белгісіз.

 

Басылым АҚ үйдің кейбір қызметкерлеріне жаппай тәртіпсіздіктердің қайта басталу қаупі болғандықтан жұмысқа келмеуіне рұқсат етілгенін айтады.

 

The New York Times газетінің хабарлауынша, қолданыстағы ережелерге сәйкес, америкалық көшбасшы бункерге Ақ үйге "қауіп төнген" жағдайда тығылады.

 

Соңғы бірнеше күнде ақыры полициямен қақтығысқа ұласқан Ақ үйдің алдында наразылық шерулері өтті. Демонстранттар күзетшілерге пластикалық бөтелкелер мен петарда лақтырды.

 

Айта кетсек, америкалық қалалар мен штаттардың басшылары Миннесотада африкалық америкалық Джордж Флойдтың өліміне байланысты жалғасып жатқан наразылық шараларына байланысты жексенбіден дүйсенбіге қараған түні 40-қа жуық қалада коменданттық режим енгізді.

 




Көрілген: 469    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.06.2020, 11:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31