АҚШ-тың аға сенаторы Путинді өлтіруді ұсынды

05 наурыз 2022, 13:11

АҚШ-тың аға сенаторы Линдси Грэм Мәскеудің Украинаға басып кіруіне наразылық білдіріп, өзінің Twitter парақшасында Ресей халқын президент Владимир Путинді өлтіруге шақырды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Адырна" ұлттық порталына сілтеме жасап

- Ресейде Брут бар ма? Ресей армиясында Штауффенбергтен де табысты полковник бар ма? Мұны тоқтатудың жалғыз ғана тәсілі – Ресейде біреу бұл жігіттің көзін жоя салу керек. Сіз өз еліңізге және бүкіл әлемге үлкен қызмет көрсетер едіңіз, -  жазды ол.

 

Сонымен қатар АҚШ-тың аға сенаторы Путинді өлтіру тек орыс халқының қолынан ғана келетінін алға тартты.

 

- Мұны түзете алатын жалғыз халық - орыс халқы. Әрине айтуға оңай, бірақ орындау қиын. Егер сіз әлемнің басқа бөліктерінен өте кедейлікте оқшауланып, өмір бойы қараңғылықта өмір сүргіңіз келмесе, сізге іске кірісу керек, -  деп толықтырды ол.