Шартарап

АҚШ үкіметі Беларусь шенеуніктеріне санкция салды

  • АҚШ үкіметі Беларусь шенеуніктеріне санкция салды

    АҚШ үкіметі Беларусь шенеуніктеріне санкция салды

Америка әкімшілігі 43 Беларусь азаматына, оның ішінде жоғары дәрежелі лауазымды тұлғаларға «адам құқығын таптап, демократияға қайшы әрекет еткені» үшін санкциялар енгізу туралы шешім қабылдады, деп жазады qazaqtimes.com сайты. 

Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мәлімдеді. Ресми құжатта: «Бүгін АҚШ Мемлекеттік департаменті президенттің шешімімен Беларусьтегі ахуалдың ушығуына жауапты 43 жеке тұлғаға визалық шектеулер енгізу бойынша шаралар қабылдады.

Яғни олар Америка Құрама Штаттарына кіру құқығынан айырылады», &ndash делінген. Қара тізімге «Әділет» секторының жоғары дәрежелі шенеуніктері, құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ бейбіт демонстранттарды қамауға алған құзыретті органдардың қызметкерлері, наразылық акциясына қатысушылар мен тәуелсіз журналистерді түрмеге қамау үкімін шығарған судьялар мен прокурорлар, манифестацияларға қатысқан студенттерге қарсы шара қолданған жоғары оқу орындарының әкімшілік құрамы енгізілді. 
АҚШ сыртқы саясат басқармасы басшысының айтуынша, Беларусь билігі наразылық білдірушілерге, азаматтық қоғам белсенділеріне және журналистерге зорлық-зомбылық қолдануын тоқтатар емес. 

Бұған дейін АҚШ үкіметі қазіргі шектеуді екі рет енгізген болатын. Сол кезде 66 адам қара тізімге енгізілген. Соған қарамастан, Беларусьтегі наразылық шерулеріне қатысушыларды тінту, басып жаншу жалғасып жатыр. Блинкеннің мәлімдемесінде АҚШ Беларусьтің азаматтық қоғамына қолдау білдіретінін және ел билігі заңға қайшы әрекет етуін тоқтатпаса, шектеу шараларын қатаңдататыны айтылды. 

Күні кеше Минск соты «Белсат» поляк телеарнасының журналистері Катерина Андреева мен Дарья Чульцовты 15 қарашада болған наразылықтан тікелей репортаж жасағаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырды. Журналистер тарапынан мемлекеттік кешірім сұралса да, Беларусь билігі олардың құжатын қараудан бас тартқан. Сот айыптаудың толық нұсқасын қабылдады. 

Қос журналист «материалдарымен жаппай тәртпсіздік ұйымдастырды» деген айыппен екі жылға қамалды. 17 ақпанда Беларусьте полиция ондаған журналист пен құқық қорғаушыларға тінту жүргізген болатын. Тінту елдің барлық облыс орталықтарында &ndash Минск, Брест, Гомель және басқа аймақтарда таңертең басталған. Нәтижесінде, белгісіз себептермен екі адам қамауға алынған. 

Минскіде олар Беларусь журналистер қауымдастығының басшылығына да тінту жүргізді. Кейіннен полиция ұйымның кеңсесіне де барды. Бұл тәуелсіз ұйым 1995 жылы Беларусь журналистерінің ресми Одағына қарсы құрылған. Ал Гомельде сегіз тәуелсіз журналист пен құқық қорғаушылар, Могилевте екі журналист және «Весна» рталығының екі аймақтық қызметкерін тексерді. 

Сарапшылар Беларусь билігінің бұл қадамын «сөз бостандығына қайшылық және диктатураның айқын көрінісі» деп санайды. 




Көрілген: 419    Пікірлер: 0

жұма, 19.02.2021, 15:57

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30