Шартарап

АҚШ үкіметі Трамптың қанша табыс тапқанын жариялады

  • https://abai.kz/

    https://abai.kz/

Дональд Трамп салық декларациясын жариялады. 2019 жылы АҚШ президенті 446 миллион доллар табыс тапқан. Құжат АҚШ үкіметі жанындағы Этика мәселелері бойынша бюрода жарияланды.

 

Былтыр Трамптың негізгі табысы Майами демалыс орнындағы Мар-а-Лаго (Флорида штаты) резиденциясы мен Вашингтондағы Trump International қонақ үйі болған. Ақ үй басшысы сонымен бірге киноактёрлер бірлестігінен және "Келісім түзу өнері" кітабынан пайда тапқан.

 

Биыл шілде айының басында АҚШ Жоғарғы соты Нью-Йорктағы прокурорларға Трамптың соңғы тоғыз жылдағы декларациясын жариялау туралы қаулы шығарған. Бірақ бұл ақпарат Конгресске жіберілмейді.

 

Бұдан бөлек Конгресстің үш комитеті Трампты сотқа берген. Олар президенттен қаржылық ақпаратты жария етуді талап еткен. Бірақ Жоғарғы сот олардың талабын қанағаттандырмады. Бұл қараша айында өтетін АҚШ-тағы президент сайлауына дейін Конгресс Трамптың салық декларациясымен таныса алмайды деген сөз.

 

2015 жылдың маусым айында президент сайлауына түсер алдында Трамп табысы 8 млрд 800 млн доллар екенін мәлімдеген. Бірақ Forbes оның табысын екі асе аз етіп көрсеткен.

 

2020 жылдың сәуір айында Forbes президенттің табысын 2 млрд 1 млн долларға бағалаған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда бір млрд долларға аз.

 

abai.kz




Көрілген: 315    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.08.2020, 15:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30