Шартарап

АҚШ: Вакцина салдырмағандар жұмыстан қуылады

  • Фото: REUTERS/Brian Snyder

    Фото: REUTERS/Brian Snyder

АҚШ-тың Нью-Йорк штатында ондаған мың медицина қызметкері жұмыссыз қалуы мүмкін. Өйткені коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан бас тартқан.

 

Аймақ басшысы ауруханалардағы бос орындарды толтыру үшін Ұлттық ұлан және басқа штаттардағы денсаулық сақтау мамандарын тартатынын мәлімдеді.

 

Губернатордың айтуынша, вакциналаудан бас тартуына байланысты жұмыстан шығарылғандарға жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақы берілмейді.

 

Естеріңізге сала кетейік, Нью-Йорк штатының ауруханаларындағы 450 мың қызметкердің 16 проценті әлі күнге дейін екпе алмаған.

 

Кэти Хочул, Нью-Йорк штатының губернаторы:

 

– Шыдамның да шегі бар. Осы сәтке дейін вакцина салдырмаған басқа медицина қызметкерлерін тұрғындарға әрі қарай көмек көрсету үшін дәл қазір екпе алуға шақырамын. Әйтпесе, медицина қызметкерлерінің штатын кеңейту және ауруханалардағы жұмысты жеңілдету бойынша біздің нақты жоспарымыз бар.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 255    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.09.2021, 08:50

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31