Шартарап

Актриса жүріп келе жатқан көліктен секіріп мерт болды

  • © Sputnik / Стрингер.

    © Sputnik / Стрингер.

Өзбекстанның танымал актрисасыГавхар Шарипова жүргізушімен сөзге келіп, жүріп келе жатқан жүк көлігінен секіріп кетті.


Оқиға 18 қараша күні Қашқадария облысындағы А-380 "Самарканд - Гузар" жолында болған.


Облыстық жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасының мәліметіне сәйкес, көлік 140 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан. Жолда жүргізуші актрисаға қол жүгірте бастаған. Актриса есікті ашса да, жүргізушінің көлікті тоқтататын ойы болмады. 39 жастағы әйел көліктен секіріп кетті. Алған жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Gazeta.uz.


Өзбекстанның қылмыстық кодексінің 266-бабы 2-бөлігіне сәйкес (көлікті басқару ережесін бұзу салдарынан болған адам өлімі) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.


Гавхар Шарипова "Алпомыш", "Сарвиноз", "Әпке", "Алданған әйел" сынды фильмдерге түскен.


 


Sputnik 




Көрілген: 971    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.11.2019, 10:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31