Шартарап

Алаяқ жігіт 19 қыздың басын айналдырып, тақырға отырғызып кеткен

  • © Sputnik / Алексей Мальгавко

    © Sputnik / Алексей Мальгавко

Қытайдың Чжэнчжоу қаласының полициясы "баймын" деп өтірік айтып, он тоғыз қызды алдап кеткен тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Sina-Henan ақпарат порталы.


Қытайлық жігіт бірнеше қызбен кездесіп, қомақты қаражат жинап алған. Ол өз жоспарын екі жыл ішінде жүзеге асырыпты. Басы бос қыздармен интернетте "байдың баласы" болып танысқан. Бірнеше кездесуден соң, қыздардың бәрі оған ес-түссіз ғашық болыпты.


Айлакер жігіт сүйіктілеріне қымбат көрінетін "өтірік бренд" бұйым сыйлаған.


Зардап шегушінің айтуынша, алғаш кездескенде жігіт оған мүлдем ұнамапты. Алайда ол қыздың көңілін баурай алды.


Біраз уақыттан соң, есепшотына ақша аударуды сұрай бастаған. Жоспарға сәйкес, қарызын бірден қайтаруды да ұмытпапты. Осылайша, он тоғыз қыздың сенімін жаулап, біртіндеп қомақты қаражат сұрай бастаған. Бұл жігіттен бала сүйген қыз сүйіктісімен үйлену тойын жоспарлағанын айтады.


Ал өткен жылдың соңында жігіт үйіне келмей қойған. Онымен бірге екі көлік пен жиырма үш мың долларға жуық ақша да жоқ болды. Алданған қыз полицияға хабар бермей, өзі жеке тексеру жүргізбек болған. Құпиясөздерін тауып алып, оның әлеуметтік желідегі парақшасына кірген.


Дәл осы кезде сүйіктісінің алаяқтықпен ақша тауып жүргеніне көзі жетіп, полицияға шағым түсірді. Полицейлер күдіктінің екі жылда ондаған әйелдің басын айналдырып, олардан бір миллион юань (57 миллион теңгеге жуық) алғанын анықтады.


Қолға түскен жігіт кінәсін толықтай мойындап отыр. 2017 жылы жұмыстан айырылған соң, осындай жоспар құрғанын айтқан.


Тергеу жұмысы жалғасып жатыр.


Sputnik


 




Көрілген: 574    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.04.2019, 09:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31