Шартарап

Алаяқтар коронавирустан емдейтін "ғажайып" сүт сата бастаған

  • Көрнекі фото: pixabay.com

    Көрнекі фото: pixabay.com

Польшада "коронавирусқа қарсы емдік қасиетке ие сүт пен талисман" сататын алаяқтар пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

 

Польша полициясының бас коменданты Мариуш Цярка бұл туралы жергілікті телеарнға берген сұқбатында мәлім етті.

 

"Үйлерді аралап, "ғажайып сүт," "ғажайып бойтұмар" сынды әртүрлі типтегі дәрілерді сатып алуды ұсынатын алаяқтар пайда болған", - дейді ол.

 

Цярка ел арасында орынсыз дүрбелең тудыратын адамдар бар екенін жасырған жоқ.

 

"Өкінішке орай, адам проблемаларын, әсіресе вируспен қатысты дүрбелеңді пайдаланатын қылмыскерлер бар", - деп жалғастырды ол.

 

Полиция өкілі бұндай фактілерді дереу полицияға хабарлауды өтінді.

 

"Тағы ескертем мұндай адамдарды үйлеріңізге кіргізбеңіздер, ғажайыпқа сенбіңіздер. Егер біреу бойтұмар, емдік қасиеті бар сүт, тағы басқа ұсыныс жасаған жағдай болса, бұл туралы полицияға тез арада хабар беріңіз", - деді Цярка.

 

Польшаның полиция өкілі үйде оқшауланған азаматтардың карантин режимін сақтауды тәртіп сақшылары қадағалайтынын еске салды.

 

Естеріңізге сала кетсек, соңғы мәліметтерге сәйкес, Польшада коронавирус жұқтырудың 25 жағдайы ресми расталған.

 




Көрілген: 180    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.03.2020, 11:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30