Әлем банансыз қалуы мүмкін

14 сәуір 2021, 19:37

Әлем топырақ құрамында инфекциялық қатері жоғары саңырауқұлақтың (паразит) кесірінен бананнан айырылуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Аталған ақпарат  көзінің келтірген дерегіне қарағанда, ХХ ғасырдың басында Азия мен Австралияда Tropical Race 4 (TR4) деп аталатын ауру кеңінен тараған.

 

2019 жылдың бас кезінде аталмыш ауру әлем тұрғындарын бананмен қамтамасыз етіп отырған Оңтүстік Америка құрлығында тұңғыш рет байқалған еді.

 

Дәлірегі, Колумбия мен Гондурас аумағындағы банан өсірілетін плантацияларға тарап кеткен екен.

 

Мамандардың айтуынша, бұл ауру ешқандай химикатқа бой бермейді, яғни, қандай да бір химиялық жолмен немесе тыңайтқыштың көмегімен жоя алмайсыз.

 

Бұл инфекциялық ауру тараған топырақ кем дегенде 30 жыл, әйтпесе 40 жыл айналымнан шығып қалады, яғни, ештеңе өсіруге келмейтін жарамсыз күйге түседі.

 

Біз сөз етіп отырған TR4 құрты Cavendish сортына жау келеді, бананның бұл түрінің сауда-саттықтағы немесе нарықтағы үлесі әлем бойынша 95%-ды құрап отыр.

 

Cavendish бананы, сондай-ақ, түсімі мол сорт саналады.

 

Егер бұл аталған инфекциялық ауру жайласа, адамзат банансыз қалуы әбден мүмкін.