Шартарап

Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 41,5 миллионнан асты

  • https://topspb.tv/

    https://topspb.tv/

Дүниежүзінде коронавирусты жұқтыру деректерінің саны 41 миллион 500 мыңнан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Олардың жартысына жуығы 3 мемлекетте, яғни АҚШ, Үндістан мен Бразилияда тіркелген.

 

Джонс Хопкинс университеті келтірген мәліметке сүйенсек, антирейтингтің алғашқы ондығына сондай-ақ Ресей, Аргентина, Франция, Испания, Колумбия, Перу мен Мексика кіреді. Осы тізімдегі он елдің тең жарымы Латын Америкасында орналасқан.

 

Жалпы мұхиттың арғы бетіндегі мемлекеттерден бөлек, індет қазір Еуропада да өршіп тұр.  Бірнеше елде COVID-19 бойынша антирекорд орнап, шектеу шаралары қайтадан күшейтіліп жатыр. Мәселен, Миланда коменданттық сағат енгізілді. Жаңа тәртіпке сәйкес енді кешкі уақытта көшеде жүруге болмайды. 

 

Блиц 1:

 

- Мұндай шараны бәрі қолдамайды. Дегенмен, бұл қазіргі уақытта қажетті нәрсе деп ойлаймын. Жағдай мүлдем ушығып кетпесі үшін коменданттық сағаттың орнағаны дұрыс. Меніңше, бұдан басқа амал қалмады. Тек осылай ғана вирустың таралуын тоқтатуға болады. Осылай болады деп сенейік.

 

Өз кезегінде Испанияда індеттің ілмегіне ілінгендер қатары 1 миллиондық межеден асып жығылды. Бұл көрсеткіш бойынша Испания мен Франция Еуропадағы алғашқы елдер.

 




Көрілген: 412    Пікірлер: 0

жұма, 23.10.2020, 10:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30