Шартарап

Әлемде COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 4,5 миллионнан асты

  • Әлемде COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 4,5 миллионнан асты

    Әлемде COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 4,5 миллионнан асты

16 мамырда әлемде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 4,5 миллион адамнан асты. Статистиканы Джонс Хопкинс университеті жобасының мәліметтері растайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Университет мәліметтеріне сәйкес, әлемде COVID-19-ды 4 538 406 адам жұқтырған, 307 486 адам инфекция құрбаны болған, тағы 1 636 306 адам сауығып шыққан.

SARS-CoV-2-ден ауыр зардап шеккен елдер - АҚШ (1 442 819 жұқтырған, 87 530 қаза тапқан) және Ресей (262 843 жұқтырған және 2 418 қаза тапқан). Рейтингте үшінші болып Ұлыбритания тұр (238 004 жұқтырған, 34 078 қайтыс болған). Төртінші орында Испания (230 183 жұқтырған, 27 459 қайтыс болған), бесінші орында Италия (223 885 жұқтырған, 31 610 қайтыс болған).

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) коронавирус бойынша басқа статистиканы беріп отыр. ДДҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, әлемде 4 347 935 адамнан COVID-19 анықталған, 297 мыңнан астам адам қайтыс болды. Бір тәулік ішінде әлемде коронавируспен 79 187 адам тіркелген. Жұқтыру жағдайларының көбі Солтүстік және Оңтүстік Америкада - 1 864 468 адам.

Қазақстанда вирус жұқтырғандардың саны 5850, сауығып шыққандар - 2707, кайтыс болғандар - 34.




Көрілген: 633    Пікірлер: 0

сенбі, 16.05.2020, 13:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 08:51
    Қауіпті маса пайда болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30