Шартарап

Әлемде ай сайын 10 мыңға жуық бала аштықтан өліп жатыр

  • Әлемде ай сайын 10 мыңға жуық бала аштықтан өліп жатыр

    Әлемде ай сайын 10 мыңға жуық бала аштықтан өліп жатыр

Биыл коронавирус эпидемиясы кесірінен енгізілген шектеулерге байланысты мәселе ушыға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, жағдайы төмен өңірлерге азық-түлік пен дәрі-дәрмек уақытылы жеткізілмей қалды. Бұған қоса азықтың құны да шарықтап кетті. БҰҰ-ның мәліметіне сәйкес, ай сайын 500 мыңнан астам бала аштықтың зардабын тартуда. Мамандар бір жылда олардың саны миллионға дейін жетуі ықтимал дейді. Сонымен қатар аш құрсақ жүрген тағы 128 мыңдай бала көз жұмуы мүмкін екенін айтады. Әсіресе Латын Америкасы, Оңтүстік Азия мен Африка елдеріндегі жағдай ауыр. Мысалы, Буркина-Фасода әрбір бесінші бала тойып тамақтанбайды. 20 млн халықтың жартысынан көбінде азық-түлік алатын жағдайы жоқ. Ауғанстанда да ахуал мәз емес. Біріккен ұлттар ұйымы жанындағы ЮНИСЕФ қорының хабарлауынша, ауған жерінде аштық алқымнан алғандар 13 процентке артты. Мамандар халық жер жаһанды жайлаған індеттен емес, аштықтан қырылып қалуы мүмкін деп дабыл қағады.

Егер коронавирус дерті өршіп тұрған кезде аурудан күніне 8 мың адам жан тапсырса, жыл соңына қарай аштықтан бір күнде шамамен 12 мың адам көз жұмуы мүмкін деп болжануда.

 

aikyn.kz




Көрілген: 434    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.07.2020, 09:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30