Шартарап

Әлемде бір тәулікте 250 мың адамнан COVID-19 анықталды

  • https://www.lada.kz/

    https://www.lada.kz/

Әлемде бір күнде тағы 250 мың адамнан коронавирус анықталды, хабарлайды «Хабар 24».

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі осындай. Осылайша, пандемия басталғалы бері вирус жұқтырғандар саны 16 миллионнан асып отыр. 640 мыңы қауіпті кеселден көз жұмды.

 

Инфекция анықталғандар саны бойынша алдыңғы үштікте – АҚШ, Бразилия және Үндістан. Қазір экономиканы қалпына келтіру үшін шектеу шаралары біртіндеп жеңілдетіліп жатыр.

 

Осы орайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары «тұрғындар ескертулерге құлақ асып, сақтық шараларын қатаң ұстанулары қажет» дейді.

 

Мария Ван Керкхов, ДДСҰ сарапшысы:

 

- Арақашықтықты сақтау және маска тағу – өте маңызды. Тұрғылықты мекенде, жұмыс орнымызда, саяхатқа баратын аймақта вирустың қасымызда екенін ұмытпау керек. Яғни, енді індеттің таралуының алдын алу мен қалыпты өмірге оралу арасындағы балансты сақтау қажет.


 




Көрілген: 370    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.07.2020, 13:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30