Исландияның Коупавогюр қаласының 49 жастағы тұрғыны Феликс Гретарссон екі қолыннан айырылғаннан кейін алғаш рет қызы мен немересін құшақтады. Ер адамға қос қолын ауыстыру үшін ота 16 ай бұрын жасалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Mirror басылымына сілтеме жасап.
1998 жылы жұмыс орнында Феликсты тоқ соғып, екі қолынан айырылған. Сөзінше, бұл кезде оның қызы небәрі үш айлық болған. Отадан кейін ер адам алғаш рет 24 жастағы қызы мен немересін құшақтай алды.
"Жылаған кішкентай балаларымды енді көтере алмайтынымды білгенде өте ауыр сезімде болдым. Мұны сипаттап бере алмаймын", – дейді Феликс Гретарссон.
Ұзақ уақыт ізденістен кейін Феликс Жан-Мишель Дюбернар есімді хирургты тауып, тарихтағы алғашқы иықтан бастап екі қолды алмастыру бойынша ота жасауға көндірген. Ота 2021 жылдың қаңтарында жасалыпты.
Екі баланың әкесі дәрігерлерді өзінің тез қалпына келуімен таңғалдырған. Қазір ол жаңа қолдарымен көлік жүргізіп, тісін жуа алады. Тіпті итіне доп лақтырып, спортпен шұғылдануды бастап кеткен.
"Қолымды білегіме дейін жақсы сеземін. Тіпті әр бөлігін сезіне аламын деуге болады. Әрине, барлығы мінсіз емес. Бүгін таңертең қолымды терезеден шығарып, желді сезіндім. Бұл біртүрлі сезім", – деп қосты Феликс.