Шартарап

Әлемде жарты ғасырда табиғи апаттар 5 есе жиілеп кеткен

  • Әлемде жарты ғасырда табиғи апаттар 5 есе жиілеп кеткен

    Әлемде жарты ғасырда табиғи апаттар 5 есе жиілеп кеткен

Кейінгі 50 жылда табиғат апаттары 5 есе жиілей түскен. Ал олардан келген материалдық шығын көлемі 7 есе артқан. Бұл туралы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымы хабарлайды.
Сарапшылар жағдайдың былай ушығуына климаттың өзгеруі себеп дейді. Мамандар 1970 жылдардан бері су тасқыны, құрғақшылық пен дауыл секілді 11 мыңнан аса табиғат апатына талдау жасаған. Солардың салдарынан 2 миллионнан аса адам опат болыпты. Сарапшылар соңғы жарты ғасырдағы ең алапат табиғат апатттарына Эфиопиядағы құрғақшылық пен АҚШ-тағы Катрина дауылын жатқызған.


Былтыр табиғат апаттарынан 31 миллион адам зардап шекті. Бұл әскери қақтығыстар салдарынан жапа шеккен азаматтар санынан әлдеқайда көп. Табиғат апаттары жиілей түскенімен кісі өлімі азайған. Өйткені біз алдын ала ескерту жүйелерінің арқасында талай адамның өмірін аман алып қалдық. Алайда қауіп сейілмей тұр. Сондықтан біз климаттың өзгеруіне жақсырақ бейімделуіміз керек, – дейді БҰҰ Бас хатшысының апаттар қаупін азайту жөніндегі арнайы өкілі Мами Мизутори.  


BAQ.KZ




Көрілген: 1119    Пікірлер: 0

жұма, 03.09.2021, 08:48

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31