Шартарап

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 30 миллионнан асты

  • Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 30 миллионнан асты

    Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 30 миллионнан асты

Қытайдан қатерлі індет таралғалы бері 945 мың науқас Covid-тен қайтыс болған. 20 миллионнан астамы жазылған. Бұл туралы америкалық Джонс Хопкинс университеті хабарлады.

14 қыркүйектен бері яғни, небәрі төрт күн ішінде әлемде Covid-ке шалдыққандар саны бір миллионға көбейген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қыркүйек айында бірнеше рет "күндік рекордтық көрсеткішті" тіркеді.

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны жағынан бірінші орында АҚШ тұр. Мұнда 6,6 миллион адамнан коронавирус табылған. 197 мың адам қайтыс болған. Екінші және үшінші орында Үндістан (5 млн науқас) мен Бразилия (4 млн науқас) тұр. Төртінші орында тұрған Ресейде соңғы мәлімет бойынша 1 млн 91 мың адамға коронавирус инфекциясы жұққан. 19 мың науқас қайтыс болған. Өткен тәулікте Мәскеуде вирус жұққан 805 адам анықталған. Бұл 26 шілдеден бері бір күнде тіркелген ең жоғары көрсеткіш.

Соңғы аптада инфекция Еуропада қайта жылдам тарай бастады. ДДСҰ Еуропада науқастардың наурыз айында індеттің алғашқы толқыны кезіндегі рекордтық көрсеткіштен асып кеткенін анықтады. Австрия мен Чехия эпидемияның екінші толқыны басталғанын хабарлады. Көп елдер қатаң карантин шараларын қайта енгізу мәселесін қарастырып жатыр.

Ал Қазақстанда бүгінгі жағдай бойынша 107134 адам коронавируспен ауырса, оның 101610-ы жазылып шықты. Қатерлі індеттен қайтыс болғандардың жалпы саны 1671 адам.

 

BAQ.KZ




Көрілген: 377    Пікірлер: 0

сенбі, 19.09.2020, 03:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31