Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 59 миллионнан асты
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 59 миллионнан асты. Бұл туралы Джонс Хопкинс университетінің сайтында айтылады, - деп хабарлайды РИА Новости. 
Университет мәліметінше, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 59 070 488-ге жетіп, 1 394 694 науқас қайтыс болған.
 
Ал Қазақстанда, соңғы мәліметтер бойынша, COVID-19 жұқтырғандар саны 126 860-қа жетті. Кейінгі тәулікте 678 науқас тіркелген.