Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Әлемде коронавирустан болған өлім-жітім 2020 жылдың көктеміндегі көрсеткішке дейін төмендеді

06 маусым 2022, 10:15

Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайларының саны мамыр айында шамамен 15,9 миллионға өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл өткен жылдың қазан айындағы көрсеткішке сәйкес келеді.

Қауіпті вирустан болған өлім-жітім көрсеткіші өткен аймен салыстырғанда үштен бір есе төмендеп, 2020 жылғы көктемнің басынан бергі ең төменгі деңгейде болды. Мамыр айында әлемде коронавирустан 55 мыңға жуық адам қайтыс болды.

Ауруға шалдығу көрсеткіші жағынан бірінші орында тұрған – АҚШ. Онда 3 миллионға жуық жұқтыру жағдайы анықталды. Елде вирус жұқтыру көрсеткіші өткен аймен салыстырғанда екі есе артып, ақпандағы көрсеткішке жеткен.

Ковид жұқтыру көрсеткіші жағынан Германия екінші орында тұр. Онда 1-31 мамыр аралығында 1,7 миллионнан астам адам вирус жұқтырған. Бұл ретте, сәуірде олардың саны екі есеге жуық көп болды.

Ауру жұқтырғандар саны жағынан «үштікке» кірген – Австралия. Онда вирус жұқтыру көрсеткіші шамамен сәуір айындағы деңгейде қалды, яғни бір айда елде 1,7 миллионға жуық науқас тіркелді.

Алғашқы «бестікке» сондай-ақ Жапония мен Франция кіріп отыр. Бұл елдерде мамыр айында 1 миллионға жуық адамға коронавирус диагнозы қойылған.