Шартарап

Әлемде коронавирустың рекордтық көрсеткіші күн сайын жаңаруда – ДДҰ

  • Әлемде коронавирустың рекордтық көрсеткіші күн сайын жаңаруда – ДДҰ

    Әлемде коронавирустың рекордтық көрсеткіші күн сайын жаңаруда – ДДҰ

Өткен тәулікте әлем бойынша коронавирус инфекциясын 183 020 адамның жұқтырғаны анықталып, олардың жалпы саны 8,7 миллион ​​адамға жетті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өткен тәулікте коронавирус індетін жұқтыру бойынша әлемде рекордтық көрсеткіш тіркелгенін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

ДДҰ мәліметтеріне сүйенсек, әлем бойынша 21 маусым күні инфекция жұқтырған 183 020 жағдай тіркелген.

Бұл індет жұқтырғандардың жалпы саны 8,7 миллионға дейін өскенін көрсетеді. Олардың ең көп саны солтүстік және оңтүстік Америкада анықталды (116 мыңнан астам). Соңғы тәуліктерде АҚШ-тың бірнеше штатында мұндай деректердің рекордтық көрсеткіші тіркелді.

Бразилияда инфекция жұқтырғандар 17,4 мың адамға көбейген. Ал қайтыс болғандар саны 50 мыңнан асқан.

Айта кетейік, 20 мамыр күні ДДҰ рекордтық жағдай деп 106 мың жұқтыру оқиғасын тіркеген болатын. Ал Джон Хопкинс университетінің мәліметі бойынша әлемде 8,9 миллион адам індетке шалдыққан.

Оқи отырыңыз: Пандемия рекордты бұзды: бір тәулікте 100 мыңнан астам адам COVID-19 жұқтырды

Соңғы деректерге сүйенсек, Қазақстанда коронавирус жұтырудың 17 732 жағдайы тіркеліп, 10 897 науқас жазылып шықты. 120 адам індет салдарынан көз жұмды.




Көрілген: 561    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.06.2020, 17:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31