Шартарап

Әлемде індетке шалдығудың антирекорды тіркелді

  • https://www.aa.com.tr/

    https://www.aa.com.tr/

Әлемде COVID-19 вирусына шалдығудың антирекорды орнатылды. Тәулік ішінде қауіпті вирусты 893 мыңнан астам адам жұқтырды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

 

Бұл қаңтар айының басында тіркелген бұған дейінгі антирекордтан көп. Әсіресе, Үндістан елінде жағдай ауыр, онда COVID-19 вирусын жұқтырудың 330 мыңнан астам жаңа оқиғасы тіркелген. Үндістан билігі пандемияға қарсы күрес жүргізудің жаңа шараларын қолдану мәселесіне кіріскен кезде, Еуропаның кейбр елдері шектеуді біртіндеп азайтып жатыр. Франция карантиннен шығуға дайындалып отыр.

 

Осы арада, дәрігерлер ауруханаларда коронавирус жұқтырып, ауыр халде жатқан мыңдаған адамның жатқанын ескертуде. Париждің реаниматолог дәрігері Алекси Тран Динь мұндағы бір пациент әйелдің жағдайы туралы баяндап берді.

 

Егер оны тіршілікпен қамтамасыз ету аппараттарының бірінен ажыратсақ, оған оттегі жетпей, бірнеше минуттың, не одан да аз уақыттың ішінде қайтыс болады. Бұл біздің қате жіберуге құқығымыз жоқ екенін көрсетіп отыр, - дейді дәрігер.

 

Карантин шараларының жеңілдетілуі вакциналаудың сәтті өткізілуіне байланысты. Мажарстанда мейрамханалардың террасасы ашылды. Олар қараша айынан бері тағамды тек алып кетушілерге ғана сатқан болатын. Бұл елдің әрбір үшінші тұрғынына екпе салынған соң локдаун жеңілдетіле бастады.

 

 

 

 




Көрілген: 416    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.04.2021, 13:16

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30