Әлемдегі ең дені сау адамдар табылды – олар өркениеттен алыс, адамзаттан жырақ өмір сүруде

14 наурыз 2022, 18:09

Амазонияның Боливия аумағында әлемнен оқшау өмір сүретін тайпаның егде жастағы қарттардың өзі өркениет иглігін пайдаланатын жастарға қарағанда денсаулығы әлдақайда мықты болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған The Lancet мерзімді басылымы мен newatlas.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Тіпті, бұл тайпаның жасы ұлғайған қарттардың конгнитивті қабілеті, артериясының (қан тамырларының) саулығы ғалымдары қайран қалдырып отыр.

 

Боливиядағы Амазонияның шалғай түкпірін мекен ететін байырғы халықтың арасында алжу қатері өте төмен. Ол ол ма, жас ұлғая келетін жабысатын түрлі дерттерден аман қалады, соның ішінде жүрегі ауыратын адам жоқтың қасы десе де болады.

 

Бұл арада Оңтүстік Американың байырғы халықтарының бірі Циман тайпасы туралы сөз болып отыр, 17 мыңға тарта тайпа адамдарын ғалымдар соңғы он жыл бойы зерттеп, қадағалаған екен – өмір сүру дағдысынан бастап, салт-санасына дейін, тұрмыс-тіршілігін де қадағалаған болатын. Денсаулықтарының мықты болу себебін анықтау мақсатында.

 

Аталмыш тайпадағы қарттардың 85%-нан жүрек-қан тамыр ауруларының бірде-бір белгісі анықталмаған. Дәлірегі, 80 жастағы циманның қан тамырының жасы 25 жастан төмен америкалық жастардың қан тамырларымен бірдей болып шыққан.

 

Жасы 60-тан асқандардан 435 адамның алжу қатеріне ұшырау деңгейін де анықтап көрген екен, олар неврологиялық тексеруден, компьютерлік томографиядан, т.б. өтеді. Нәтижесінде тек бір пайызына жетер-жетпесінде алжу қатері бары анықталған әрі бұл қатер өте төменгі деңгейде болған.

 

Тексеруден өткен цимандықтардың санын америкалық қарттар қарасына шаққанда америкалық қарттардың 11 пайызына пара-пар көрсеткіш.

 

Бұл тараптағы зерттеуде генетикалық тұрғыдан және тілі де ұқсас мосетон тайпасынан 169 адамды да зерделеген болатын. Оларда да боливиялық қоғамға жақындау өмір сүргеніне қарамастан денсаулықтары берік болып шыққан.