Әлемдік державалар арасында қақтығыс болуы мүмкін

23 мамыр 2022, 09:58

АҚШ армиясы бас штабының бастығы генерал Марк Миллидің айтуынша, Ресей, Қытай және Америка Құрама Штаттары арасында күрделі қақтығыс болуы мүмкін, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Адырна" порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы t.me/orda_kz телеграмм каналы жазды.

 

"Біз қазір екі әлемдік держава – Ресей мен Қытаймен бетпе-бет келіп отырмыз. Бұл елдердің әрқайсысының айтарлықтай әскери күші бар және олар ережелерге негізделген тәртіпті өзгертуге бел байлап отыр", - деді Милли.

 

Оның айтуынша, АҚШ әлемдегі тұрақсыз елдердің қатарына қосылып барады.