Шартарап

Алеппода жауынгерлер мешіт пен балабақшаға оқ жаудырды

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Жауынгерлер Алеппо қаласының Шахба ауданындағы мешіт пен балабақшаға оқ атты. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

 

Алепподағы Шахба ауданында орналасқан ірі мешіттердің бірі "абу Ханифа" мешітіне шабуыл жасалды. Бүтін терезе қалмаған. Жауынгерлердің шабуылынан кейін жөндеу жүргізілген мешітті енді тағы жөндеу керек. Жауынгерлер оған минометтерден оқ атқан. Абырой болғанда, шабуыл кешкі намаздан кейін жасалған. Әдетте намаз уақытында мешіт ішінде 500-ден астам адам болатын, - делінген хабарламада.

 

Шабуыл болған кезде мешіт күзетшілері мен қайырымдылық қорының бірнеше адамы жертөлеге тамақ әзірлеуге түсіп кеткен. Олар тамақты кедейлерге таратады. Сондықтан жарылыстан олар аман қалды.

 

Осымен соңғы айда жауынгерлер бесінші рет мешітке шабуыл жасап тұр. Билік пен имамдардың шабуылды тоқтату туралы үндеуіне жаңа оқтармен жауап беріп келеді.

 

Сонымен қатар, жауынгерлер Шахба ауданындағы балабақшаға оқ атты. Балабақша қатты зардап шекпеген. Дегенмен, тәрбиешілер балабақшаны уақытша жабуды ұйғарды. 

 

Вaq.kz




Көрілген: 160    Пікірлер: 0

сенбі, 01.02.2020, 18:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Наурыз, 17:33
    Мешітте атыс болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31