Шартарап

Алғаш рет су астынан көне қоныстың орындары табылды

  • Алғаш рет су астынан көне қоныстың орындары табылды

    Алғаш рет су астынан көне қоныстың орындары табылды

Ғалымдар алғаш рет мыңдаған жыл бұрын солтүстік-батыс Аустралия аумағында қоныстанған байырғы халықтың су асты археологиялық ескерткіштерін тапты. Бұл жайында "PLoS ONE" журналында айтылады.
Аборигендердің көне қоныс қирандысынан 260 тас артефакті табылған. Олар Брюгье мүйісіне жақын теңіз деңгейінен 2,4 метрге дейінгі тереңдікте орналасқан. Сондай-ақ 14 метр тереңдіктегі су астында қалған тұщы су көзі табылған.
Ғалымдардың қолына түскен бағалы артефактілердің жасы 7-8,5 мың жылдан асады деген болжам айтылуда. Мұндай есептеулер теңіз деңгейінің арнасынан асып, су басқан уақыттың негізінде жүргізілген болатын.

110 жылдан 10 мыңыншы жылға дейін созылған соңғы мұз дәуірінде Аустралияның аумағы екі миллион шаршы километрге артық болған. Оған себеп – теңіз деңгейінен төмен орналасқандығынан ашық жатқан жағалаулардың көп болуы еді. Мұндай жерлерге Аустралияға қоныс аударғандар тұрақтай бастады. Өйткені бұл жағалаулар Аустралияның басқа қуаңшылыққа ұшыраған аудандарымен салыстырғанда қолайлы микроклиматымен ерекшеленді.

 

BAQ.KZ




Көрілген: 578    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.07.2020, 09:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31