Шартарап

Әлиев пен Пашинян Таулы Қарабақ бойынша мәлімдеме жасады

  • Әлиев пен Пашинян Таулы Қарабақ бойынша мәлімдеме жасады

    Әлиев пен Пашинян Таулы Қарабақ бойынша мәлімдеме жасады

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабақтағы соғыс фонында Euronews арнасына эксклюзив онлайн-сұхбатында өз позициясын айтуға келісті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Атысты тоқтатуға біржақты қол жеткізду мүмкін емес, бұл екіжақты шешім болуы керек. Сонымен қатар, оны жергілікті жерлерде орындау керек. Өздеріңіз білетіндей, Армения 27 қыркүйекте бізге шабуыл жасады, әскери позицияларымызға шабуыл жасады және инфрақұрылымымызға зиян келтірді, бейбіт тұрғындарға шабуыл жасады. Бізде армяндардың, соның ішінде баллистикалық зымырандар мен кассета бомбаларының шабуылынан 30-ға жуық бейбіт тұрғын қаза болды. Біз бірнеше рет шабуылға тап болдық. Соңғы үш айда Әзербайжанға үш шабуыл жасалды", - деді Әлиев.

Пашинян бұл айыптаулармен келіспеді және өз кезегінде Әзербайжанды Таулы Қарабақта этникалық тазарту жүргізіп жатыр деп айыптады.

"Бүгінде Халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарында және халықаралық қоғамдастық арасында Армения мен Қарабақтың бұл соғысты қарапайым себеп бойынша бастамағаны туралы жеткілікті ақпарат бар. Себебі бұл жерде біз шешетіндей тиісті әскери міндеттер жоқ. Біз шешуге тиіс міндет саяси сипатқа ие. Біздің мақсатымыз бір - армян халқын жаңа геноцидтен қорғау. Бұл өзін-өзі қорғау. Біздің ұстанымымыз бұрынғыдай болды және солай болып қала береді: Қарабақ мәселесін зорлық-зомбылық арқылы шешу мүмкін емес. Зорлық-зомбылық арқылы ешқандай шешімге қол жеткізуге болмайды. Қарабақ проблемасын күшпен шешу, оған дайындық - Әзербайжан осындай саясатты жүргізді", - деді армян премьер-министрі.

Еске салайық, 27 қыркүйекте Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілген болатын. Армения да Қарабақтағы оқиғаларға байланысты әскери жағдай мен жалпы мобилизация жариялаған еді.




Көрілген: 473    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.10.2020, 11:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30