Шартарап

Әлиев пен Пашинянның сұқбаты: Қарабақтағы соғысты тоқтатуға бола ма?

  • Әлиев пен Пашинянның сұқбаты: Қарабақтағы соғысты тоқтатуға бола ма?

    Әлиев пен Пашинянның сұқбаты: Қарабақтағы соғысты тоқтатуға бола ма?

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабақта қақтығыстың ушығу мәселесі төңірегінде "Россия сегодня" ХАА бас директоры Дмитрий Киселевке сұқбат берді.

Осы орайда екі елдің басшыларының негізгі тезистерін ұсынамыз. Оларға бірдей сауалдар қойылды, екеуі де бұл сұрақтарға бірдей уақыт ішінде жауап беруі тиіс болды.

Қарабақтағы соғыстың Армения мен Әзербайжан үшін орны қандай?
Никол Пашинян

"Қазіргі уақытта Таулы Қарабақтың өзін-өзі қорғау армиясы қорғанысты мықтап ұстап тұр. Шынтуайтына келгенде, Түркия мен Әзербайжанның Таулы Қарабақты қысқа мерзім ішінде бақылауға алуға қатысты жоспары дәл қазір сәтсіздікке ұшырады деуге болады", - деді Пашинян.


Бұған дейін Әлиев басқа арнаға берген сұқбатында Қарабақта ұрыс қимылдары басталғаннан бері Әзербайжан армиясы 40 елді мекенді бақылауға алғанын айтқан еді.

Пашинянның айтуынша, "ХХІ ғасырда ауқымы жағынан бұрын-соңды болмаған соғыс жүріп жатыр". Оған қарудың барлық түрі: танктер, дрондар, ұшақтар мен тікұшақтар, бронды машиналар, артиллерия, зымырандық артиллерия қатысып, "көп сарбаз бен әскер" тартылып отыр.

Ильхам Әлиев

"Білесіз бе, кез-келген соғыс &ndash ол қатыгездік, құрбандардың болуы, адамдардың азап шегуі, жақындарыңнан айырылу. Бірақ  мұндағы айырмашылық - әзербайжан халқы үшін бұл азат ету соғысы, ал Армения үшін бұл басқыншылық соғысы", - деді Ильхам Әлиев.


Оның айтуынша, Таулы Қарабақтың өз армиясы бар деуге келмейді, Таулы Қарабақ үшін 90% Армения азаматтары күрес жүргізіп жатыр.

"Олар онда не істеп жүр? Әзербайжанның халықаралық деңгейде мойындалған аумағында армяндардың басқыншылық әрекеті жүріп жатыр. Өз ата-бабасының жеріне әзербайжандардың кіруіне жол бермеу саясатын  армяндардың 30 жыл бойы ұстанып келуі ақылға сыймайтын дүние", - деп толықтырды өз сөзін президент.

Қарабақта басқа елдерден келген жалдамалы содырлар бар ма?

Яғни, қақтығысқа қатысушылардың арасында Әзербайжан немесе Армениядан өзге елдерден келген азаматтар бар ма? Бұған дейін Сирия президенті Башар Асад Түркияны қақтығыстарға белсенді қатысты және Сирияда соғысқан содырларды Қарабаққа жіберіп жатыр деп айыптаған болатын.


Ильхам Әлиев

"Бізге ешкім қазіргі таңда Әзербайжан аумағында жүріп жатқан қақтығыстарға басқа шетелдік қарулы құрылымдардың қатысып жатқандығы туралы айғақты ұсынған емес. Біздің ресми ұстанымымыз мынадай - бізде шетелдік жалдамалылар жоқ", - деді Ильхам Әлиев сұқбатында.

Оның айтуынша, Әзербайжан армиясы 100 мыңнан астам сарбаздан тұрады және қажет болған жағдайда бұл көрсеткішті бірнеше есе арттыруға мүмкіндік бар.

Ол сондай-ақ "бірде-бір жалдамалының біліктілігі және техникалық мүмкіндігі жоқ екендігін" айтты.

"Біз тек ұшқышсыз соққы беру аппараттарының көмегімен қарсыластың құны 1 миллиард доллардан асатын әскери техникасын жойдық", - деді ол.
Ол Әзербайжан аумағына немесе оған көршілес жатқан елдерге қауіп төндіруі мүмкін террористік ұйымдардың өз елінде "ұя салуына" ешқашан жол бермейтінін мәлімдеді.

Никол Пашинян

"Қазір бұл туралы бүкіл әлем айтып жатыр. Бұл өте маңызды нюанс, сонымен қатар ол кімнің қандай себептермен ұрыс қимылдарын бастағанын түсінуге көмектесетінімен маңызды. Әрине, Сириядан келген террорист-содырлардың Таулы Қарабақтағы соғысқа қатысып жатқандығы туралы нақты дәлелдер бар.  Бұл бейне дәлелдер әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Ол бүкіл әлемде дәлелденді", - деді Никол Пашинян.

Ол "Түркия - бұл соғыстың басты демеушісі" деп мәлімдеді, бұл ел оның айтуынша, Қарабаққа террористер жалдаған, сонымен қатар өзінің арнайы күш құрылымдарымен қамтамасыз еткен. Қарабақта Пәкістанның арнайы күш құрылымдары да бар, деп есептейді Пашинян.

Оның пікірінше, "Әзербайжан армиясы Таулы Қарабақтың армиясына қарсы жалғыз күресуге қабілетті емес. Сондықтан Түркия террористерді тарту туралы шешім қабылдады", - деп толықтырды  ол сөзін.

Пашинянның  айтуынша, жақында орыстар Солтүстік Кавказда, яғни, өз аумағында жойған содырлар, ол жерде Сириядан террористерді жібергеннен кейін пайда болған.   

Құрбандар
Ильхам Әлиев

"Бүгінге дейін бізде 43 бейбіт тұрғын қаза тапты және 200-ден астам жаралы бар, байланыс аймағына іргелес жатқан ауылдар мен қалалардағы 2 мыңға жуық үй толығымен қирады немесе зардап шекті", - деді Әлиев.

Ал әскерилер арасындағы шығындарға келсек, Әлиевтің айтуынша, "армян тарапының шығыны Әзербайжанмен салыстырғанда әлдеқайда көп".

Әлиев өз армиясындағы шығын көлемі туралы сауалға қақтығыстың шарықтау шегі аяқталғаннан кейін жауап беруге уәде берді.   

Никол Пашинян

Екі жақта да құрбандар саны жетерлік, жағдай қиын, деп атап өтті Армения премьер-министрі. Өлгендер мен тұтқындар саны туралы қойылған сауалға ол қазіргі таңда ауқымды және кескілескен шайқас жүріп жатқанын айтты. 

Ымыраға келу: атысты тоқтатуға бола ма?
Никол Пашинян

"Біз Таулы Қарабақ мәселесін шешу үшін мұндай қадамға баруға дайынбыз. Біз Әзербайжан тарапы дайын болса, ымыраға келуге әзірміз", - деді Пашинян.

Алайда, Армения кері шегінуге дайын емес сызық бар.

"Бұл жерде бір мәселе бар, ол  - Таулы Қарабақ халқы өз тағдырын өзі шешуі тиіс. Әр уақытта және әрқашан Армения мұндай ымыраға келуге дайын болған", - деді Пашинян Әзербайжан мен Армения лидерлерінің Sputnikке қатар берген сұқбаты барысында.

Ильхам Әлиев

"Егер "қызыл сызықтарға" келетін болсақ, біз мұны өте айқын түрде мәлімдедік және мұны Минск тобының тең төрағалары да жақсы біледі: ешқандай жағдайда Әзербайжанның аумақтық тұтастығы бұзылмайды, Әзербайжан Таулы Қарабақтың тәуелсіздігіне ешқандай жағдайда келісім бермейді", - деп мәлімдеді Ильхам Әлиев.

Қарабақтағы шиеленіс
Таулы Қарабақта қарулы қақтығыс 27 қыркүйекте басталды. Армения мен Әзербайжан соғыс қимылдарын бастады деп  бірін-бірі деп айыптап отыр. Армения әскери жағдай енгізіп, алғаш рет жалпы мобилизация жариялады. Армения Анкара Бакуге белсенді түрде қолдау көрсетіп отыр деп мәлімдеді. Әзербайжанда ішінара мобилизация жарияланды және кейбір жерлерде әскери жағдай енгізілді.




Көрілген: 688    Пікірлер: 0

жұма, 16.10.2020, 13:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31