Шартарап

Алимент төлемегені үшін қамалған азамат абақтыда ажал құшты

  • https://www.centralasian.org/

    https://www.centralasian.org/

Өзбекстанда Самарқанд облысы Кушрабад ауданына қарасты Навбахор ауылының 34 жастағы тұрғыны Ориф Назаров милицияның аудандық бөлімінде қайтыс болды.

 

Назаровтың ата-анасы марқұмның мәйітін 5 шілдеде алған. Олар денедегі іздерді көріп, баласын милиция қызметкерлері ұрып өлтірген деп отыр. Дегенмен Самарқанд облысының ішкі істер басқармасындағылар Ориф Назаров "жүрек талмасынан" қайтыс болды деп хабарлаған.

 

"5 шілде, жексенбіде учаскенің инспекторы мені аудандық бөлімге шақырды. Бөлім ғимаратының екінші қабатында өзін таныстырмаған бір кісі менен бауырым туралы сұрай бастады. Ол өте дөрекі сөйлесті. Мен болғанын сұрағанымда, ол бауырымның талмасы ұстағанда тілін жұтып қойып, содан қайтыс болғанын естіртті. Бұл оқиғаның қашан және қалай болғанын ол түсіндіріп жатпады", – деді марқұмның інісі Маруф Назаров.

 

Ориф Назаровтың ата-анасы жерлеу рәсіміне дейін оның денесіндегі іздерді видеоға түсіріп алған. Марқұмның денесінде тілік ізі қалған. Өзбекстанның құқық қорғау жүйесінде жұмыс істейтін маманның айтуынша, тілік ізі мүрдені кескеннен қалған дейді.

 

centralasian.org




Көрілген: 549    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.07.2020, 15:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31