Шартарап

Алимент төлемеу үшін 750 мың долларын өртеп жіберген

  • Көрнекі сурет: pixabay.com

    Көрнекі сурет: pixabay.com

Оттава мэрі лауазымына бұрынғы үміткер, бизнесмен Брюс Макконвиль жұбайымен ажырасқанына қайғырып, оған алимент төлемеу үшін 750 мың доллар ақшаны өртеп жібергенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

 

55 жастағы Макконвиль ажырасу процесі басталғаннан-ақ өз қаражатын бұрынғы әйелімен бөлісуге ниеті жоқ екенін білдіріп, сотқа қаржылық жағдайы жөнінде мәлімет ұсынудан үзілді-кесілді бас тартқан.

 

Бұдан кейін сот оған жеке мүлкін сатуға шектеу қоюға шешім шығарды. Алайда, ер адам соттың талабын ескермей, өз активтерін бұрынғы есепшісіне сатып жіберген.

 

Кейіннен бизнесменнің айтуынша, ол бұрынғы әйеліне ақша бермеу үшін шоттарындағы бар қаражатын шешіп алып, өртеп жіберген. Сөзіне қарағанда, 23 қыркүйекте ол 743 мың, ал 15 желтоқсанда 296 мың канадалық доллардың көзін жойған.

 

Алайда, бизнесмен сот отырысында өзінің сөздерін айғақтайтын ешқандай дәлел келтірмеген: ақшаны өртеу сәтінің бейнежазбасы да, куәгерлері де жоқ. Ақыры судья қаржылық жағдайы туралы мәліметтерді жасыруға әрекеттенгені үшін оны 30 күнге түрмеге жабу туралы үкім шығарды.

 

Бұдан бөлек, аталған құжаттардың сотқа ұсынылуын кешіктірген әр күн үшін оған 2 мың доллардан айыппұл салынды. Бұл қаражат оның бұрынғы әйеліне берілетін болды.
 




Көрілген: 213    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.02.2020, 17:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30