Алматыда ресейлік миллиардерді террористпен шатастырып алған

11 қаңтар 2022, 14:34

Ресейлік миллиардер, "Технониколь" компаниясы иелерінің бірі Игорь Рыбаков тәртіпсіздіктер кезінде Алматыда қалып қойды. РИА Новостиге берген сұхбатында Рыбаков елден ұша алмай отырғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстаннан шығуға тырысып жатырмын, бірақ әзірге қолымнан келер емес. Алматыдан қауіпсіз жерге шығып, ол жерден ұшақпен ұшып кетемін деп ойлаймын", – деді Рыбаков. 

Кәсіпкер блок бекетте тығырыққа тірелгенін атап өтті. Сөзіне қарағанда, оны террористпен шатастырып алған. 

Рыбаков Қазақстанға 3 қаңтар күні келіп, бір аптадан кейін кері қайтуды жоспарлапты.